«Бабадан қалған мұраны — мұражай сақтап тұрады»

Бабадан қалған мұраны - мұражай сақтап тұрады 2018 жылғы 11-12 мамыр күндері аралығында «Пески орта мектебі» КММ оқушылары Петропавл қаласында «Жастар» сарайында «Бабадан қалған мұраны — мұражай сақтап тұрады» атты облыстық форумына қатысты.

Мектебімізде өтіп жатқан «Шабадандағы тарих» атты ақция барысында көрсетіліп жүрген мектеп мұражайының материалдары форум қатысушыларының назарына ұсынылды. Бұл материал рәсімделген түрінде көрме қатысушыларының қызығушылығын тудырды. Форумға мектеп директоры Н.Т. Ашимованың жетекшілігімен біздің мектеп мұражайының белсенділері 11-сынып оқушысы Әшімов Әлішер, 10 сынып оқушысы Булгакова Вероника, 8 сынып оқушылары Шевченко Юлия мен Шостик Инна және 5 сынып оқушысы Ярош Карина қатысты. Балалар форумнан жақсы әсер алып, ең бастысы, туған өлкенің тарихын ынтамен зерттеп, мұражай экспонаттарын толықтыруды жалғастыруға бел буды.

Дата публикации: 12.04.2018